• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 15:26:55
Алматы
+35°

Екі күн далалықта жоғалып кеткен жасөспірімді полицей атпен іздеп тауып алған, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Сайт мәліметінше, 16 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне 14 ақпанда қыстақтардың бірінен 16 жастағы жасөспірімнің шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түскен. Аталған ақпарат түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, баланы іздеген.

Бұған дейін баланың ата-анасы екі күн бойы өздері іздегенімен, таба алмаған.

Іздеу шарасына Жаңаарқа ауданы Бидайық кентінің учаскелік полиция инспекторы Жұбаныш Жүнісбеков те қатысқан.

Учаскелік полицейдің айтуынша, іздеушілер автокөліктермен аттанған. Ал ол өзінің серігі - полиция қызметкері Ками Ускенбаев екеуі атпен іздеуге шыққан.

– Атпен жүріп, атымен айғайлап шақырдық. Біз өз жаңғырығымызды естіп жүргендіктен, қиын болды. Серігіміз екеуміз әрбір тасты, шөмелені зерттедік, баланы байқамай қалмайтынымызға сенімді болуымыз керек еді. Кеш батып келе жатты, күн батқаннан кейін мұнда іздеу мүмкін емес болатын. Байланыс болған жоқ, бағдарымыздан жаңылдық. Алайда біз қараңғы батқанша, іздеуді жалғастыра бердік. Тастармен жүру аттарға қиын болды. Біз аттан түсіп, кездескен шөмелені тексеруге бардық. Сол жерде біз оның күртешесін көрдік, – деді учаскелік полицей.

Ол жақындап келіп қарағанда, баланың тірі екенін байқаған. Жасөспірім ызғарлы желден ықтасын іздеп, жерде тастардың арасында жатқан.

Оның айтуынша, бастапқыда жасөспірім шок күйде болған. Полицейлерге аң-таң болып қарап, оларды галлюцинация екен деп ойлаған.

Жасөспірім далалықта адасып қалып, қайтар жолды ұзақ іздеген. Түнде шаршағандықтан, әрі тоңғандықтан шөмелеге кіріп жылынбақшы болған. Алайда оған жан-жақтың бәрінен қасқырдың ұлығаны естіліп тұрған.

Жасөспірім есін жиғаннан кейін жылап, полицейлерге рақметін айтқан.

Учаскелік полицей Жұбаныш Жүнісбеков полицияда 2009 жылдан бері қызмет атқарады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір