• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:55:56
Алматы
+35°

Құрама Штаттар 107 күн өткен соң ғаламдық жылынуға қарсы Париж келісіміне қайта қосылды.

Вашингтонның климаттық келісімген қайта оралуы символикалық болғанымен, әлем лидерлері Америкадан алдағы төрт жылда байыпты түрде өзін дәлелдейді деп үміттенеді. Олар әсіресе АҚШ-тың алдағы айларда 2030 жылға қарай парниктік газдардың ауаға шығарылуын қысқарту туралы хабарламасын күтеді.

АҚШ президенті Джо Байден бір ай бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына Америка қайтадан Париж келісіміне кіргісі келетінін айтқан. Жұма күні Вашингтонның ресми түрде келісімге кіргені жарияланды. 

Трамп әкімшілігі 2019 жылы Париж келісімінен шығатынын жариялады, бірақ ол келісімдегі ережелерге байланысты 2020 жылдың 4 қарашасына дейін күшіне енбеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерриш бейсенбіде Американың ресми қайта кіруін "өте маңызды" деп мәлімдеді.

"Бір қорқыныш - климаттық күрестен бас тарту үшін басқа елдер Америкаға еріп кете ме деген қорқыныш болды, бірақ ешқайсысы олай істемеді" деді Фигерес. Оның айтуынша, Трамп әкімшілігінің климатқа қатысты төрт жыл бойы құлықсыз болды. Ол тағы федералды үкіметсіз-ақ, Американың қалалары, штаттары мен кәсіпорындары көмірқышқыл газын азайту үшін жұмыс істегенін жеткізді.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Париж келісімі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір