• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:19:05
Алматы
+35°

Бейжің алғаш рет Қытай-Үндістан арасындағы өткен жылғы қанды қақтығыста өз тарапынан төрт сарбаз көз жұмғанын жариялады.

"Қытай шекарасына өтіп кеткен шетелдік әскерлермен" соғысқан Бейжің армиясының 4 сарбазы қайтыс болды, деп хабарлады қытайлық мемлекеттік БАҚ.

Қанды қақтығыс Үндістанның Ладах аймағындағы Галван алқабында болған.

Бұл соңғы 45 жыл ішіндегі даулы шекара аймағындағы алғашқы қанды қақтығыс.

Былтырғы қақтығыста Үндістан 20 сарбазы қаза тапқанын мәлімдеген, ал Бейжің  шығындарды мойындаса да, бірақ егжей-тегжейлерін айтпаған.

Жұма күні Қытайдың "PLA Daily" әскери жаңалықтар ресурсы "қаны мен өмірлерін" берген "батыр" қытайлық сарбаздардың есімдерін атады. Олардың барлығына атақ берілетіні айтылды.

Полк командир де "ауыр жарақаттардан" кейін құрметке ие болатыны жарияланды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Үндістан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір