• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:33:55
Алматы
+35°

Үйді пеш жағып, көмірмен жылытып отырған алматылық тұрғындардың уайымы бір – қып-қызыл ақшаға тонналап көмір түсіру. Көмір алуға қажет ақшадан бөлек, пеш жағу кезіндегі машақатты айтсаңызшы. Пеш түтіндеп, қақаған аязда есік-терезені ашып желдететін кездер де жиі болады. Ал түтіндеп жанған пеш адам өмірі үшін қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Осы орайда Halyk Bank және Алматы қаласының әкімдігі әзірлеген бірегей әлеуметтік бағдарламаның арқасында 71 отбасы осы машақаттан құтылды.

Жобаның мақсаты бірінші кезекте тұрғын үйді газдандыруға мұқтаж, алайда қаржылық мүмкіндігі жоқ халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарды қолдау болса, екінші кезекте Алматы қаласы ауа бассейнінің жағдайын жақсарту. Осылайша, Halyk Bank қайырымдылық көмек ретінде Алматыдағы 71 ошақты газбен қамтыса, енді тағы 21 үйге тегін газ қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта Алатау ауданының тұрғыны Жаңабай Қыпшақбаев 1989 жылы көшіп келгелі бері пеш жағып отырмыз дейді.  Бұл отбасы жылына 8 тоннаға жуық көмір жағады.

– 4 балам бар. Үйде сегіз адам тұрамыз. 2009 жылдан бері мүгедек болып қалдым. Көзім көрмейді. 1 топтағы мүгедекпін. Halyk Bank-ке алғысым шексіз. Барлық жұмысты тегін атқарды. Қыс түскенде далаға шығып, көмірім жете ме, жетпей ме, не істесек болады деп ойланып жүр едім. Бұл бір тосынсый болды, – дейді үйіне көгілдір отыр кіргізілген жандардың бірі.

Алматыда газ жүйесіне қосылуға мұқтаж үйлердің көбі қаланың Алатау және Наурызбай ауданында орналасқан. Газды тегін қостыртып, жылы үйде отырған Г.Кашиева ханым да осы Алатау ауданының тұрғыны.

– 6 балам бар. Үйде бір адам ғана жұмыс істейтіндіктен газды орнатуға жағдайымыз жетпеді. 1997 жылдан бері от жағамыз. Бұрын көмірді де, отынды да сатып алатынбыз. Көпбалалы аналардың жағдайын ойлап, бізге осылай көмектесіп жатқаны үшін Халық банкіне рақметімді айтамын. Барлықтарыңыз бақытты болыңыздар, – дейді көпбалалы ана.

Атаулы жоба 25 жылдан астам уақыт пеш жағып отырған Жұмабаевтар отбасын да қуантты. Отағасы және оның бір ұлы бірінші топ мүгедегі. Қаржылай мүмкіндік болмаған соң тіпті үйге газ тартуды ойламадық та дейді олар.

– Біздің үйге жаңа жыл қарсаңында газ қосты. Жылдың басын осындай тамаша жаңалықпен бастадық. Қазір үй жып-жылы, қолымыз таза. Бұрын от жағамыз деп қолымыз күйе-күйе болып жүруші еді, – дейді өткен күндерді еске алған Жанар ханым.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір