• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қараша, 04:43:45
Алматы
+12°

IT саласындағы Consilienz компаниясың тең төрағаларыны бірі 27 жастағы Қазақстан тумасы Элисар Нұрмағамбетов Forbes журналының кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған The Next 1000 2021 тізіміне енді, деп жазады forbes.kz.

Элисар Нұрмағамбетов танзаниялық серіктесі Амир Сандерджимен бірге 2019 жылы Consilienz компаниясын құрған. Компания жылыстатылған қаражатты іздеу, алаяқтық секілді қаржы қылмыстары мен адам саудасы деректерін анықтау бағытында ІТ қызмет көрсетеді.

Америкада орта кәсіпкерлік жақсы жолға қойылған. Елдегі 30 миллион кәсіпорын мен жұмыс күшінің үштен екі бөлігі осы орта кәсіпкерліктің еншісінде. Батыр кәсіпкерлерді қолдау үшін Forbes журналы  Next 1000 бастамасын құрған. Бастама аясында табысы 10 млн доллардан асатын амбициялы жеке кәсіпкерлер, өзін қаржыландыратын дүкендер және стартаптар қызметі туралы айтылады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір