• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:12:41
Алматы
+35°

Түркіменстанда ІІМ жоғары оқу орнының курсантына жеңілуден бас тартқаны үшін 14 жастағы дзюдошы Сүлеймен Тұрсынбаевты жарыстан кейін сабап кеткен. жас спортшы алған жарақатының салдарынан көз жұмды, деп хабарлады turkmen.news.

Ақпан айының басында Ахал облысының Бахарден ауданында дзюдодан турнир болған. Финалдық жекпе-жек алдында Сүлейменге қарсыласынан жеңілуді ұсынған, бірақ ол бас тартып, лайықты түрде чемпион атанған.

Сүлеймен Тұрсынбай

Жарыс аяқталғаннан кейін, спорттық формадағы белгісіз жастар жас чемпионның жаттықтырушысына шабуыл жасап, оны аяусыз ұрып-соғып, жеңімпаз жігітті белгісіз бағытқа алып кеткен. Артынша жасөспірімді де аяусыз ұрып-соғып, көшеге өлімші күйде тастап кеткен.

Спортшыны ессіз жатқан жерден кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар көріп, жедел жәрдем шақырған. Жасөспірімді Ашхабадтағы ауруханалардың біріне апарған, бірақ дәрігерлер Сүлейменге көмек көрсетуден бас тартқан. Оны тұрғылықты жеріндегі ауруханаға, 500 шақырымдағы Дашогуз велаятының Куняургенчский этрапына апаруға кеңес береді. Спортшыны ел астанасынан алып, аудандық ауруханаға жеткізген. Баланы осылай ары-бері сүйреп жүргенде жарақаты асқынып,  спортшы бірнеше күннен кейін көз жұмды.

Ата- анасы

Қайғыға батқан ата-анасы Зияда Ходжакова мен Матьякуб Тұрсынбаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовқа үндеу жолдап, кінәлілерді заң бойынша әділетті жазалауды талап етуде.

Спортшының көзі тірі кезінде түсірілген қысқа бейнематериалдарда аурухананың төсегі қанға боялғанын көруге болады.

Сүлейман Тұрсынбаев туралы материал жарияланғаннан кейін Turkmen.news сайтының редакциясына жас қыршынның қарсыласы мемлекет басшысының ұлы Сердар Бердімұхамедов әйелінің туысы екені туралы жасырын хабарлама келген.

“Біз бұл ақпаратты растай да, теріске шығара да алмаймыз. Дәл сол дереккөз прокуратураға кісі өлтіруді тергемеу туралы нұсқау берілгенін айтты, өйткені Сүлейман сәтсіз құлап, оған ешнәрсе болған жоқ екен” деп жазды басылым.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір