Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыруға дайын екенін айтты.

Шаһар басшысы індетке қарсы вакциналауға ақша қарастырылмағанын атап өтті.

– Вакцинаны ақылы түрде салу мәселесі әлі шешілген жоқ, бұған дейін Президент екпе мемлекет есебінен салынатынын айтқан, сондықтан бұл мәселені әлі де анықтаймыз. Ал екпе алуға келсек, мен де халықпен бірге осы вакцинаны алуға дайынмын.

Қазір вакциналарды инфекциялық стационарлардың, жедел жәрдемнің дәрігерлері, емханалардың фильтрлі және қызыл аймақтарда жұмыс істейтін дәрігерлері мен медбикелері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері алып жатыр, – деді Сағынтаев.

2 наурыздан бастап полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер, орта мектептердің, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, медицина қызметкерлері вакциналаудан өтеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір