• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:22:35
Алматы
+35°

Бұл туралы депутат Ерлан Саиров парламент мәжілісінің жалпы отырысында премьер-министр Асқар Маминнің атына жолдаған сауалында айтты.

– Ресми деректер Қазақстанда күнкөріс деңгейі төмен азаматтардың саны 1 млн 65 мың адамнан асқандығын көрсетеді. Өткен жылмен салыстырғанда, кедейлік деңгейі 21 пайызға өсіп отыр. Халықтың кедейлігі – ұлттық қауіпсіздікке тікелей кері әсер ететін басты проблема. Аса өзекті мәселе – ауылдағы кедейлік. Nur Otan әлеуметтік мұқтаж адамдар мәселесін экономикалық тұрғыда шешу маңызды деп есептейді. Оны шешудің оңтайлы әдісі – әл-ауқаты төмен азаматтарды микрокредитпен қамтамасыз ете отырып, адамдардың бизнес сауатын арттыру. 

Президент Тоқаев үкіметке берген тапсырмасында микрокредит проблемасына баса назар аударды. Енді мәселе: "үкімет қалай шешеді?" деген сұрақ туады.  

"Еңбек" бағдарламасының несиелендіру бағыты бойынша 2020 жылы ауыл тұрғындарына 43,3 млрд теңгеге 11 294 несие берілді. Осы бағдарлама аясындағы биылдың бюджеті 20 млрд теңгені ғана құрап отыр, яғни биыл шағын несие алушылардың саны 5 200-ге азаяды, – деді Е. Саиров.

Оның айтуынша, пандемия кезінде, ұлттық экономика және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің кері позициясы бізге түсініксіз. Микрокредиттеудегі басты проблема – кепілзат мәселесі. Бұл проблеманы несиеге кепілдік беру механизмін енгізу арқылы нақты шешетін уақыт жетті.

– Биыл Атамекен және жергілікті әкімдіктердің қатысуымен шағын несие ұйымдарын ашу жоспарланып отыр. Ниет дұрыс, бірақ өзінің тиімділігін көрсете білген, оңтайлы жұмыс істеп тұрған, 10 жыл шағын несие беру тәжірибесі бар ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры не себепті жабылмақ? Мемлекет қарапайым халық мүддесі тұрғысынан қорды сақтау қажет. Өйткені өздері қиналып отырған ауылдағы ұсақ шаруалар мен зәру адамдар қаржы көзінен мүлдем қағылу қаупі басым. Ауылда микро-бизнесті дамытудың басты аспектісі – тұтыну және қызмет көрсету кооперативтерін құру. Халықаралық тәжірибеде бұл кооперативтер өнімді өңдеу, өткізуге көмектесу, ветеринария, мал азығын дайындау, озық білім таратумен айналысады. Осындай кооперативтерді, әсіресе, шалғай елді мекендерде құру өте өзекті, – деді депутат.

Депутат шалғай елді мекендерге арзандатылған микронесие жеткізудің де инфроқұрылымын жасау маңызды екенін айтты. 

– Банктер мен микрокредиттеу ұйымдары қала жанындағы елді мекендерді ғана қамтиды. Алыстағы ауыл арзан несиеге зәру, жеткізетін амал жоқтың қасы. Бұл жөнінде де президент Тоқаев бірнеше аймақта "егістіктен сөреге дейін кооперациялық тізбек" жасау жөнінде нақты тапсырма берген. Осы бастама бойынша 2 млн ауыл тұрғынының кірісін өсіру қарастырылған. Бүгінде бұл тапсырма формальды орындалды, қаржы көзі зәру адамдарға жетпеді деген пікір бар. Ауылшаруашылығы министрлігі осы бастама бойынша қанша зәру адамға нақты көмек көрсетілгені жөнінде есеп бергені абзал, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір