• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 00:05:05
Алматы
+35°

Шелектен келе жатқанда, жолдан серік болсыншы деп бір әйелді ала салдым. Шешесінің үйіне барып, қаладағы пәтеріне түнделетіп қайтып бара жатқан орыс келіншек екен. Жол бойы ананы бір, мынаны бір айтып отырдық та, бір кезде әңгіме балабақшаға ауысты. Қаладағы бір садикке баласын әрең дегенде кіргізіпті. Соны шешіп, арқасынан бір жүк түскендей болғанын айтты. Өзі әлеуметтік желіде отырады екен. Арасында соткасын шұқылап, біреулерге лайк басып отырғанынан байқап қалдым. Әңгіме арасында мемлекеттік тіл туралы көзқарасын, балабақшаны мемлекеттік тілге ауыстыруға қалай қарайтынын сыр тартқандай қылып сұрадым.

«Балабақшаны түгел мемлекеттік тілге ауыстыруға ешкім қарсы емес. Садиктің барлығын тегін қылып, мемлекеттік тілге көшірсе, орыстардың бәрі баласын қазақ балабақшасына апарып беретін еді. Қаладағы қазақ садиктеріне бергіміз келеді. Өзіңіз білесіз ғой, олар ақша сұрайды. Одан қалса «өз садигіңе бар» деп шығарып салады. Содан орыс садигін іздеп жүргенің, сандалып. Бәрін мемлекеттік тілге көшіріп, тегін қылып қойса ғой, шіркін, кім қарсы болады оған?!»,- деді, әлгі жерде ашынғандай болып.

Билік осы мемлекеттік тілдің жайын, балабақшаны қазақшаға ауыстыру мәселесін әлі сағызша созып келе жатқаны шындық. Оған ешкім қарсы шықпайды. Аздап саяси жігер керек оған, болды. Халықтың көңіліне қарап отырмағаны белгілі нәрсе ғой. Отыз жыл бойы күнде кейінге шегеріп келе жатқан осы түйіткілді шешуге сол биліктегілердің өзінің құлқы болмай отырған сияқты. Әйтпесе, быт-шыт болып, халықты текке қырқыстырып қойған мемлекеттік тіл мәселесін, ұлттық идеология мәселесін баяғыда-ақ бір жағына шығарып, шешіп тастайтын уақыт болды ғой!

Жолымбек Мәкіш

Facebook парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір