• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 06:23:14
Алматы
+35°

ШҚО полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы әлеуметтік желіде саунада демалып жүрген суреттері тараған Семей полицейлеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізді.

Ведомство мәліметінше, биыл 29 қаңтар күні Семейде жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Рашит Сұңғатов және учаскелік инспекторлар  монша кешенінде болған.

Тексеру нәтижелеріне сәйкес, қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Р.С.Сұңғатов қызметінен босатылды. Учаскелік полиция инспекторлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Сонымен қатар өз міндеттерін адал атқармағаны және жеке құрамның бақылаусыздығы үшін Семей полиция басқармасы мен Семей полициясының орталық бөлімінің бірқатар лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды" делінген хабарламада.

Монша кешенінде болған полиция қызметкерлеріне қатысты уәкілетті органға (ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне) санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін аталған қызметкерлерді әкімшілік жауапқа тарту үшін тиісті материалдар жолданды.

– Департамент басшылығымен ШҚО ПД жеке құрамы арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша қажет шаралар қабылданып жатыр, бүгінде бұл басым бағыттардың бірі болып саналады. Бірде-бір қызметтік-әскери тәртіпті бұзу назардан тыс қалмайды. Қызметтік-әскери тәртіпті бұзудың әрбір дерегі бойынша мұқият тексерулер жүргізіледі, кінәлі тұлғалар мен олардың басшыларына тәртіптік сипаттағы ең қатаң шаралар қабылданады, – деді ведомство өкілдері. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО ПД полицейлер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір