• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 04:27:10
Алматы
+35°

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бүкіл әлемде Covid-19 жағдайларының 17 пайызға төмендегенін жариялады. бұл үрдіс алты аймақта тіркелді. Дегенмен вирустың жаңа нұсқаларына қатысты алаңдаушылық күшейіп келеді.

ДДСҰ-ның соңғы есебі бүкіл әлемде бір апта ішінде коронавирустың 3,15 миллион жаңа жағдайларын тіркеді. Бұл алдыңғы аптадан 17 пайызға төмен және инфекция төрт апта бойы төмендеп келеді.

Бірақ жаңа Covid-19 штаммдарының пайда болуын зәне бүкіл Еуропадағы вакцинация науқандарындағы сәтсіздіктерді есепке алғанда, пандемия әлі де қаупін жоймағанын аңғартады.

ДДСҰ Африкадағы, Америкадағы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы, Еуропадағы, Шығыс Жерорта теңізі мен Тынық мұхитының батысындағы апта сайынғы есептердің төмендегені туралы хабарласа да, нақты Covid-19 жағдайы мен ресми мәліметтегі жағдайдың арасында үлкен айырмашылық болуы мүмкін деп болжайды. Алайда, құлдырау Үндістан, Жапония және Испания сияқты елдерде айқын байқалады, ал Франция мен Германияда нәтиже көрнекті емес.

"Бұл, әрине, жаман жаңалық емес, бірақ біз оның қаншалықты жақсы екенін әлі білетін боламыз" деді Лондондағы Фрэнсис Крик институтының зерттеу бөлімінің жетекшісі вирусолог Джонатан Стой France24 басылымына.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус ДДСҰ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір