• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:25:06
Алматы
+35°

"Maxvidl" ЖШС басшысы М.Рахимов-қа қатысты бюджет қаражатын жымқыру және мемлекеттік грантты мақсатсыз пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталды. Бұл фактіні Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық экономикалық тергеу департаменті анықтаған, деп хабарлады zakon.kz.

"Қазақстандық индустриялық даму институты" АҚ-на 2016 жылғы 20 маусымнан 20 шілдеге дейінгі аралықта Пермьде (РФ) "Поток-М" ЖШС-ның өндірістік цехтарында өз қызметкерлерін оқыту және тағылымдамадан өткізу бойынша қызметтерін алғанын растайтын жалған құжаттарды ұсыну арқылы 22 миллион теңгеден астам соманы жоғарыда аталған азамат жымқырған. Қаражат еңбек өнімділігін арттыруға, аймақтық кластерлерді дамытуға жопарлануға тиіс еді.

Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа аудандық №2 сотының үкімімен М.Рахимов ҚР ҚК-нің 190 б. 4-б. 2)-т. бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жыл ішінде индустриялық-инновациялық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сондай-ақ 3 жыл 9 айға шартты жазаға тағайындалды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жемқорлық 22млн

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір