• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:40:30
Алматы
+35°

Илон Маск Ресей президенті Владимир Путинді Clubhouse-та сұхбаттасуға шақырған соң, Кремль бұл ұсынысқа қызығатынын мәлімдеді.

Путиннің өкілі Дмитрий Песков Илон Масктың Ресей президентімен Clubhouse қосымшасында сөйлесу туралы ұсынысын қарастырып жатқанын мәлімдеді.

"Бұл, әрине, өте қызықты ұсыныс" деді Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мемлекеттік Интерфакс агенттігіне.

Песков дүйсенбіде Путиннің Кремльдің әлеуметтік желілеріндегі бірде-бір аккаунтына қатысы жоқ екенін айтты. Сондықтан Кремль ұсынысты қабылдаудан бұрын сұхбат туралы ойлану керек екенін атап өтті.

"Біз алдымен мұны анықтағымыз келеді. Сіздер президент Путин әлеуметтік желілерді тікелей қолданбайтынын білесіздер" деді Песков журналистерге.

"Біз бұл нені білдіретінін, онда не ұсынылатынын түсінуіміз керек. Алдымен біз мұның барлығын тексеріп, содан кейін жауап қайтарамыз" деді ол.

Масктың шақыруын оның көптеген жазылушалыры Twitter-де құптады, алайда, сынаушылар да болды.

Қазіргі уақытта ресейліктер демократиялық оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың ұсталуына наразылық білдіріп, Путинге ашық қарсы шығуда.

Ал, Масктың сенбідегі твитіне жауап бере отырып, Навальныйдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқанының жетекшісі Руслан Шаведдинов өзінің Twitter парақшасында "Брат, оны Марсқа өзіңмен бірге алып кет" деп Масктың SpaceX компаниясының 2026 жылға дейін Марсқа адамдарды апару жоспарына сілтеме жасады.

Жаңа ғана пайда болған әлеуметтік желі платформасы Clubhouse соңғы апталарда Facebook-тің бас директоры Марк Цукерберг пен Microsoft корпорациясының бұрынғы бас директоры Стив Балмер сияқты танымал бизнес жетекшілерін тарта отырып, танымал болды.

Маск платформада белсенді болып, Robinhood компаниясының бас директоры, миллиардер Влад Теневпен сұхбаттасты және рэпер Канье Уэстпен алдағы уақытта сұхбаттасатынын мәлімдеді .

Айта кетейік, бұған дейін Tesla компаниясының бас диеркторы Илон Маск Ресей президентін Clubhouse қосымшасында сұхбаттасуға шақырған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Путин Илон Маск

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір