• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:30:49
Алматы
+35°
 
Алматы Орталық саябағы (бұрынғы Горкий паркі) аумағында Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттеріне арнап жатақхана салу жоспарлануда. Осыған орай алматылықтар 1 наурызда өтетін қоғамдық тыңдауға қатысып, пікір білдіре алады, деп хабарлады informburo.kz сайты.
 
Қоғамдық тыңдау барысында алтықабаттық жатақхана құрылысының қоршаған ортаға әсері бағаланбақ. Жиын 1 наурызда сағат 10:00-де Алматы қаласы Орталық саябақ 10-үй мекенжайында өтеді.

Астыңғы қабаттан тұратын 327 орынға шақталған жатақхана саябақтың оңтүстік шығыс жағында, волjтрек маңында салынады деп жоспарланған.

Жер телімінің қолданылу мақсатын өзгерту туралы қаулыға Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек 2018 жылы қойған.

Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы жауапты. Құрылысқа Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті тапсырыс берген.

Мәселеге байланысты талап-тілекті қоғамдық тыңдау өтерден 3 күн бұрын а[email protected] электрондық поштасына жолдауға болады.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қоғамдық тыңдау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір