• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 17:29:10
Алматы
+35°

Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск Ресей президенті Владимир Путинді Clubhouse аудио-чат қосымшасында әңгімелесуге шақырды. Маск өзінің сүйікті әлеуметтік желісі Twitter-де Ресей президентін белгілеп, сұхбаттасу үшін Clubhouse-қа қосылуға қалай қарайтынын сұрады.

"Сізбен сөйлесу үлкен мәртебе болар еді" деп орыс тілінде жазды Маск.

Маск соңғы екі аптада Clubhouse-ты белсенді қолданып келеді. Онда танымал адамдармен сұхбаттасу болады.

Маск алғаш рет Clubhouse-та өзінің Биткоинге деген қызығушылығы туралы айтып, кейінірек бұл ойын Твиттерде жариялады. Содан кейін криптовалютаның нарықтық құны өсті.

Маск Clubhouse қосымшасын жаңадан іске қосу кезінде сұхбат берді. Онда миллиардердің әртүрлі тақырыптар туралы пікірін тыңдау үшін шамамен 5000 адам жиналды. Маск Марста қала салу жоспарынан бастап, Dogecoin криптоваютасы болашақ әлемдік валютаға айналуы мүмкіндігі туралы және қор нарығы жайында көптеген нәрселер айтты.

Clubhouse-ті кәсіпкер, Google-дің бұрынғы инженері Пол Дэвисо жасаған. Қазіргі уақытта қосымша бета-нұсқасында және оны Apple App Store арқылы жүктеуге болады. Дегенмен, қазірше Clubhouse қосымшасы Android қолданушылары үшін қол жетімді емес. Бағдарламаға рэпер Дрейк, актер Джаред Лето, Twitter бас директоры Джек Дорси, Опра сияқты танымал адамдар қосылып үлгерген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илон Маск Путин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір