Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады. Қазгидромет 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамында осылай деп хабарлады.

Суық ауа массаларымен келетін солтүстік-батыс антициклоны елдің батыс және солтүстік бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеп соқтырады.

"Түрікменстанның үстінде орналасқан оңтүстік циклон 17-18 ақпанда Қазақстанның солтүстік аймағының оңтүстік-батыс, орталық және оңтүстік бөліктеріне көшеді. Бұл циклон жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі, елдің солтүстігі мен батысында қарлы боран болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады" делінген Қазгидромет таратқан ақпараттық хабарламады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ауа-райы болжамы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір