• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:23:34
Алматы
+35°

Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов депутат болатынына уәде берсе, қандайда бір партия құрамына кіретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлының ютуб каналына берген сұхбатында айтты. 

– Партия құратын мүмкіншілігім болса, дайынмын деп өткенде айттым. Қазір мүмкіншілігім жоқ. Екі аралықта бос жүрмеу керек, базардың әйелдері сияқты отырып алып айғайлай бермей еңбек ету керек. Сол екі аралықта қызметте отырмын. Біздің қоғам демократиялық қоғам болуы керек. Мен оны әлі де айта беремін.

Партия – халықтың сөзін сөйлеп, парламентке бару үшін саяси реформаларға өзгеріс енгізу үшін құрылады. Біздегі 6 партиядан құрамына шақырғандар болды. Бірақ менің талабым – олар мені партия құрамынан көргілері келсе, онда депутат қылуы қажет. Сонда мен барамын. Өйткені парламентке елдің сөзін сөйлеу үшін баруым керек, – деп айтты айтыскер ақын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір