• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

26 Мамыр, 07:23:25
Алматы
+19°
Ресей астанасы Мәскеуде жауған қар екінші тәулік қатарынан метеобақылау тарихындағы рекордтарды жаңартуда. Жұма мен сенбіде қалаға 30 см-ден астам қар жауған. Кей жердерде қар қалыңдығы 60 см-ге жеткен. Қала мэрінің орынбасары Петр Бирюковтың айтуынша, қарды тазалауға 5 тәулік кетеді, деп жазады bbc.com.
 
Мәскеу түбіндегі Крест деревнясында бір адам ангар шатырынан құлаған қардың астында қалып мерт болды.
 
 
Ал ел астанасында жалпы ұзындығы 1000 шақырымнан астанын ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды. Көлігінде қалып қойған жүргізушілер үшін қаланың 40 жерінде жылынып, жүрек жалғап алатын орындар ашылды.
 
Қала басшылығы азаматтарды жеке көлік құралдарымен жүрмеуге, тек қоғамдық көлікпен қатынауға шақыруда.
 
 
Мәскеу әуежайларында 140-қа жуық рейс кешігіп, 20-сы кейінге қалдырылды. Синоптиктер дүйсенбіден бастап 25-30 градустық аяз болатынын хабарлады.
 
Қаланы қардан тазалауға 70 мың адам, 14 мыңға жуық техника жұмылдырылуда.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мәскеудегі қар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір