• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 15:03:19
Алматы
+35°

Оңтүстік Қытай теңізіде Вашингтон-Бейжің арасында әскери қақтығыс қаупі өршіп барады. Сарапшылар Қытайдың Тайваньға төндіретін қауіп-қатері және тәуелсіз аралдың маңындағы әскери белсенділік күшейіп бара жатқанын айтып ескерту жасады.

Бейжің "Тайвань мәселесі соғысқа ұласатынын" ашық жарияласа, Си Цзиньпин Байденге "қарсыласу апатқа әкеп соғатынын" төтесінен айтты.

Мамандар әскери қақтығыс салдарының болу қаупі жоғары екенін ескертеді.

Қаңтарда АҚШ президенті Джо Байден қызметке кіріскен алғашқы бірнеше аптада қытай соғыс ұшақтарының бірнеше "ірі шабуылдары" туралы хабарланған.

Ал осы аптаның басында Байден Ақ үйде ант қабылдағаннан соң алғаш рет Қытай президенті Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті. 

Әңгіме барысында Си Цзиньпин АҚШ президентіне "қарсыласу апат" әкелетінін ашық айтты.

Жақында ғана Бейжің Тайванға "тәуелсіздікке ұмтылса соғыс" болатынын қатаң ескерту жасады. 

Қытай соғыс ұшақтарының шабуылдарын АҚШ тасымалдаушы әскери тобымен бір уақытта бір аймақта өткізді.

Шиеленіскен оқиғаларға байланысты Шығыс Азиядағы әскери сарапшы және "соғыстан кейінгі Жапонияның теңіз күші" еңбегінің авторы Алессио Паталано Express.co.uk сайтына берген сұхбатта Қытайдың қауіп-қатерлеріне байыпты қарау керек деп қатаң ескерткен. 

Ал АҚШ президенті сайлау кезінде және президент болып сайланған соң да, Қытайға қатысты "қатаң ұстаным" ұстанамын деп уәде берді және содан бері өзінің Бейжіңге деген көзқарасынан таймады.
 
Өткен жылы АҚШ пен Қытай арасында коронавирус пандемиясы мен сауда мәселелеріне байланысты шиеленіс болған.

Саяси сарапшы және Аптос қаласындағы Кабрилло колледжінің антропология профессоры Деннис Этлер АҚШ-тың Қытаймен қарым-қатынасына қатысты "Джо Байден қиын жерде қалып қойды" деп мәлімдеді.

Ол Трамп әкімшілігінің сыртқы саясатын еске ала отырып, "Трамптың Бейжіңге қатысты қатаң саясаты кері әсерін беріп, уәде етілген нәтижеге қол жеткен жоқ" дейді.

Профессор Этлер PressTV-ге Байден екі партиялық қолдауға ие болғаннан кейін Қытайға қысым жасауы керек болады деп қосты. Ол сондай-ақ "Байден көп жағдайда Трамптың "қатал Қытай" саясатын мұра етіп алды, әсіресе әскери қақтығыстарға келгенде" деп мәлімдеді. 
 
– Демократтар Вашингтондағы биліктің барлық тұтқаларын бақылауға алғаннан кейін, олар өздерінің оң қанатындағы кез келген сынды сейілту үшін Қытайға қатал екендерін көрсету керек, – дейді профессор Этлер.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір