• USD 472.14

  • EUR 498.39

  • RUB 7.65

  • CNY 67.93

10 Желтоқсан, 01:31:08
Алматы
-11°
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,3 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 154,9 млрд теңге бағытталғанын хабарлады.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр зейнеткерге зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қосылады.

Егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс (2021 жылы 34 302 теңге) деңгейінің 54%-ын (18 524 теңге) құрайды. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, егер қатысу өтілі 20 жыл болса, базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 74%-ын  (25 383 теңге), 30 жыл – ең төмен күнкөріс деңгейінің 94%-ын (34 123,88 теңге) құрайды. Жұмыс өтілі 33 және одан да көп жыл болса, ең төмен күнкөріс деңгейінің 100%-ы мөлшерінде (34 302 теңге) белгіленеді.

Егер бір ай ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет міндетті зейнетақы жарнасы жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: базалық зейнетақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір