• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:50:45
Алматы
+35°

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу Еуропалық одақ ел экономикасына қауіп төндіретін санкция жарияласа, одақпен қарым-қатынасты үзуге дайын екенін хабарлады, деп жазады РИА НОВОСТИ.

– Біз барлық жағдайға дайынбыз. Егер Еуроодақ экономикамызға залал келтіретін болса, оның ішінде әлсіз салаларға қауіп төндіретін санкция салса, онда біз ол қадамға (одақпен қарым-қатынасты үзуге) дайынбыз. Әлемнен оқшауланатын біз емес, бірақ кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. "Бейбітшілік қаласаң, бейбітшілік, соғыс болса, соғыс", деді Лавров "Соловьев Live" YouTube-арнасында.

Еуропалық дипломат Жозеп Боррель өткен аптада Мәскеуге жасаған сапарында Ресейге қарсы жаңа санкция туралы сөз қозғаған. Оның айтуынша, мәселе 22 ақпанда одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрі кеңесінің отырысында, сосын наурызда бірлестік саммитінде қаралады.

Бұған дейін Еуропарламент Алексей Навальныйдың ісі бойынша сот шешімін, сондай-ақ оның жақтастарының қамалуын сынға алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір