• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:18:21
Алматы
+35°

Француз президентінің қолдауымен Францияның ядролық сүңгуір кемесі Оңтүстік Қытай теңізінде кірді. Бұл Бейжіңнің ашу-ызасын тудыруы және қытай-француз қатынастарын шиеленістіруі мүмкін.

Ядролық сүңгуір кеменің жіберілгенін Францияның қорғаныс министрі Флоренс Парли растады. Ол өзінің твиттерінде "Бұл кезектен тыс патруль Оңтүстік Қытай теңізінен өтуді жаңа аяқтады" деп жазды.

"Біздің француз әскери-теңіз күштеріміздің ұзақ уақыт бойы австралиялық, америкалық және жапондық стратегиялық серіктестерімен бірлескен әскери дайындық қабілетінің айқын дәлелі" деді ол.

Постқа теңіздегі екі кеменің суреті ілінді.

Оңтүстік Қытай теңізі - бұл жаһандық сауданың негізгі жеткізілім жолы және әлеуетті энергия ресурстарына бай.

Сарапшылардың пікірінше, теңіз түбінде 11 триллион баррельге дейін мұнай және 190 триллион текше фут табиғи газ болуы мүмкін.

Қытай аймақтағы кен орындарына қатысты өз талаптарын растауға тырысады.

Бейжің Филиппин, Малайзия және Тайвань жағалауларына дейінгі бүкіл су жолы Қытайға тиесілі екенін айтады. Дегенмен, 2016 жылы халықаралық арбитраж соты бұл талапты қабылдамады.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Қытай теңізінде АҚШ-Қытай әскери күштерінің бетпе-бет келулері жиілеп, шиеленістің күшейіп бара жатқаны хабарланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай АҚШ Франция

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір