• USD 475.51

  • EUR 464.15

  • RUB 8.2

  • CNY 66.85

04 Қазан, 16:52:41
Алматы
+19°

Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин "Комсомольская правда в Казахстане" басылымына берген сұхбатында Қазақстандағы тіл мәселесі туралы ойын ортаға салды

Ұлттық бірегейлік тұрғысынан Қазақстанда ұлтына қарамастан қазақша сөйлеу қажеттігі анық екенін айтқан ол сонымен қатар ел конституциясында мемлекеттік мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен ресми түрде қатар қолданылатыны жазылғанын да еске салды.

– Кез келген қазақстандық үшін орыс тілін білу – артықшылық береді. Сондықтан бұл игіліктен бас тарту ақылға сыймайтын нәрсе болар еді. Сонымен қатар Еуразиядағы интеграциялық процестер мемлекетаралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілінің позициясын нығайтуды көздейді. Қазақстандықтар ТМД кеңістігіндегі басқа адамдарға қарағанда орыс тілін жақсы меңгерген. Дұрыс сөйлейді, сауатты жазады. Қазақстандықтар мұндай артықшылықтан бас тартпауы керек деп ойлаймын. Керісінше, орыс тілін меңгеру деңгейін нығайтуға күш салып, оған балаларын тереңдетіп үйреткені жөн.
 
Өкінішке қарай, бұрынғы Одақтың бүкіл кеңістігінде, оның ішінде Ресей мен Қазақстанда орыс тілін білу деңгейі төмендеді. Бірақ біз оқытушыларды жіберіп, орта мектептер үшін мұғалімдерді көбірек даярлау арқылы, оқу-әдістемелік материалдарды шығара отырып жағдайды түзеуге тырысамыз. Қазақстанда орыс тілінде оқытатын Ресей физика-математика мектебін ашу мәселесі пысықталуда. Ресейлік жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдары туралы және қазақстандық жоғары оқу орындарының Ресейдегі филиалдары туралы келісімдер жасалып жатыр, –  деді елді.
 
Оның айтуынша, қазақстандық жастар Ресей ЖОО-на оқуға барып жатқандықтан орыс тілінсіз қиын болады.
 
–  Бүгінде бізде 74 мыңға жуық қазақстандық студент білім алуда! Қазақстан жоғары білімді мамандар ұстаханасын жоғалтқысы келмейді деп ойлаймын, – деп атап өтті Алексей Бородавкин.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір