• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 17:36:00
Алматы
+35°

Қазақстандық көлік жүргізушілері 13 ақпаннан бастап, өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық құжатын алып жүру міндетті емес.

Аталған заң күшіне енгенге дейін жүргізуші куәлігі жоқ болғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұлы әлі төленбеген адамдардың ісі тоқтатылады. Осылайша, жол ережесін бұзғандардың айыппұлы кешіріледі.

– Тиісінше, аталған құжаттардың болмағаны үшін қозғалған барлық іс, заң күшіне енгенге дейін айыппұл төленбесе, тоқталған болып саналады. Бірақ мұндай істерді құқық бұзушыдан тиісті өтініш келіп түскен жағдайда және ол бойынша тексеру жүргізілгенен кейін ғана тоқтату керек, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Бұдан былай жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда, көлік тізгіндеушілер жүргізуші құжатын алып жүруге міндетті емес. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір