10 Ақпан, 2021 NEWS
Фото: assembly.kz
Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда сайты.
"Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды" делінген ресми сайттың хабарламасында.
Бұған дейін, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық өткен республикалық комиссия директорлар кеңесі ұсынған кандидаттармен әңгімелесу өткізген. "Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры лауазымына Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты таңдаған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір