• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 11:38:04
Алматы
+35°

Қазақстанда індет кезінде ажырасу үш есе, ал үйлену 16 пайызға азайған. Бұл туралы  Ranking.kz. хабарлады.

Өткен жылдың үш тоқсанында 87,6 мың үйлену, 17,3 мың ажырасу тіркелсе,  2019 жыл мен салыстырғанда, үйлену 15,7 пайызға, ажырасу 2,6 пайызға қысқарған. 

Сайт мәліметінше, көптеген елде жағдай басқаша. BBC News мәліметінше, 2020 жылы карантин кезінде ажырасу саны көп болған. Мәселен Ұлыбританияда ресми ажырасулар саны шамамен 20 пайызға артқан.  

2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ажырасу мен неке қатынасы – 19,8 пайызбен рекордтық төмен көрсеткіш көрсетті.  2019 жылы бұл көрсеткіш, керісінше, 43,5 пайызбен жоғары рекордтық теріс мәнге ие еді. 

 

Елдегі өткен жылдың қаңтар-қыркүйегінде тіркелген 69 пайыз неке қалада болған: 60,4 мың - өткен жылмен салыстырғанда 17,5 пайыз төмен. Ал ауылды аймақтардағы неке саны 11,6 пайызға - 27,2 мыңға азайған. 

 

Елдегі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде тіркелген 73,4 пайыз ажырасу қалада болған - 12,7 мың, ал ауылды аймақтарда 26,6 пайыз - 4,6 мың. Ортақ көрсеткіш 2,6 пайызға қысқарған. 

 

Қазақстанның барлық өңірінде үйлену саны қысқарған. Мысалы Шымкентте 27,4 пайызға, Қостанай облысында 19,8 пайызға және Алматыда 18,3 пайызға, Қызылорда облысында 10,2 пайызға, Павлодар облысында 10,5 пайызға және Түркістан облысында 11 пайызға азайған. 

Ажырасу саны да еліміздің біраз өңірінде азайған. Мысалы Қызылорда облысында 4 есе, Атырау облысында 3,7 есеге және Батыс Қазақстан облысында 3,1 есе азайған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір