Премьер-министр Асқар Мамин салық заңнамасына енгізілетін түзетулерді 1 наурызға дейін әзірлеуді тапсырды.

– Жақында өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің отырысында жаңа жағдайда шағын және орта бизнесті қосымша қолдау шаралары таныстырылды. Ұсынылған өзгерістер 500 мыңдай жалдамалы жұмыскерді ресми жұмыспен қамтуға, еңбекақы төлеу қорының жүктемесін азайтуға, салық міндеттемелерін орындау тәртібін жеңілдетуге және ел экономикасына жаңа инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Осыған орай Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, салық заңнамасына енгізілетін қажетті түзетулерді биылдан қалмай іске асыру үшін осы жылғы 1 наурызға дейін әзірлеуді тапсырамын. Әлихан Асханұлы, бақылау және үйлестіру сізге жүктеледі, – деді үкімет басшысы.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір