• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 16:46:41
Алматы
+35°

Ауырғандар "қан құсып, бірнеше сағат ішінде өледі" деп сипатталған қорқынышты тылсым ауру 15 адамның жанын қиып, 50 адамды ауыр күйге қалдырды. Бұл туралы британиялық The Sun газеті хабарлады.

"Танзанияда аурулардың қан құсуына әкелетін тылсым ауру кем дегенде 15 адамның өмірін қиды", деп хабарлады ресми өкілдер.

Танзанияның оңтүстігінде белгісіз жағдайға байланысты 50-ден астам адам ауруханаға жатқызылды.

Денсаулық сақтау қызметкерлері кейбір науқастар, оның ішінде көбіне ер адамдар,  бірнеше сағат ішінде қайтыс болғанын айтты.

Мбея аймағы Чуня ауылдық округінің бас дәрігері Фелиста Кисандудың айтуынша, науқастарды бағалау және індеттің себептерін тексеру үшін сарапшылар тобы жіберілген.

– Бұл мәселе кең таралған жоқ. Бұл Ифумбо әкімшілік ғимаратында болған, онда адамдар ауруханаға кеш жетіп, қан құсып, қайтыс болды. Олардың ауруының себебі әлі анықталған жоқ, бірақ Танзанияның денсаулық сақтау министрлігі індетті жоққа шығарды, – деді Фелиста Кисанду.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір