• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қаңтар, 20:21:00
Алматы
-7°

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар өтінімінің қабылданбау себептерін түсіндірді.

 

Өтінімдердің қабылданбау себептері:

  • Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген;
  • Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген;
  • Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсеткен;
  • Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген;
  • "БЖЗҚ" АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен;
  • Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.

Қор баспасөз қызметінің ақпаратынша, БЖЗҚ 2021 жылдың 25 қаңтарынан 5 ақпанына дейінгі аралықта уәкілетті операторлардан мақсатты пайдалану үшін мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға жолдаған 80 929 салымшының өтінішін қабылдады.

Жалпы сомасы 322,8 млрд теңгеге жуық 59 157 өтініш (73%-дан астам) алдын ала мақұлданып, өңдеуге қабылданды. БЖЗҚ 21 772 өтінішті (шамамен 27%) заңнама талаптарына сәйкес келмейтіндіктен қабылдамады.

Осылайша, 25 қаңтардан бастап уәкілетті операторлар болып табылатын банктерде ашылған салымшылардың арнайы шоттарына шамамен 217 млрд теңге аударылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір