• USD 472.14

  • EUR 498.39

  • RUB 7.65

  • CNY 67.93

10 Желтоқсан, 02:11:45
Алматы
-11°
2020 жылғы IV тоқсан қорытындысы бойынша қазақстандықтардың орташа жалақысы 14,3 пайызға артып, 223,1 мың теңгені құраған. Инфляцияны есепке алғанда шынайы өсім 6,5 пайызға өскен.
 
Орташа жалақы бойынша аймақтар арасында 377,4 мың теңгемен Атырау көш бастап тұр. Үздік үштікке елорда (349,6  мың теңге) мен Маңғыстау облысы (337,7 мың теңге) енген. Орташа жалақы төмен аймақтар қатарында Түркістан облысы (166,7 мың теңге), Жамбыл облысы (166,7 мың теңге), Солтүстік Қазақстан облысы (166,7 мың теңге) бар.
 
Түрлі салада істейтін қызметкерлер арасында да айырмашылық байқалады. Мәселен, орташа жалақының максималды шегі (472,3 мың теңге) таукен өнеркәсібі мен қаржы және сақтандыру қызметі салаларында (422,6 мың теңге). Ал орташа жалақының төменгі мөлшері су (145,7 мың теңге) және ауылшаруашылығы (147,7 мың теңге) салаларында.
 
Орташа жалақы білім беру саласында 176,5 мың теңге, денсаулық сақтауда – 197,4 мың теңге.
 
Осылайша, Қазақстанда мұнайшылар мен қаржыгерлер мұғалімдер мен дәрігерлерден екі есе көп алады.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: орташа жалақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір