• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:37:41
Алматы
+35°

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында президент Тоқаев мерекені атап өту барысы жайлы айтты.

Сайт мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелеу барысында тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы тұңғыш президенттің тарихи рөлі ерекше аталып, елбасы саясатының сабақтастығы барлық іс-шаралардың идеологиялық өзегі болуы шарт екенін атап өткен.      

Мемлекет басшысы тәуелсіздікті атап өткенде, елге өзгеріс әкелмеген іс-шаралар туралы есеп берудің қажеті жоқ екенін айтты.

– Тәуелсіздікті атап өткенде тәлімдік, тәрбиелік мәні бар ақпаратты ұсынып, жұртты тартатын жаңа стильді, жаңа форматты көбірек енгізу қажет. Әр жерде өткізілген іс-шаралар туралы құрғақ есептің қажеті жоқ. Елге өзгеріс әкелмесе, мыңдаған мадаққа толы мақалалардан еш қайыр болмайды, – деді Тоқаев.

Комиссия отырысында мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева сөз сөйледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев тәуелсіздік

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір