• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:38:28
Алматы
+35°

Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният талдықорғандық мейірбикенің вакцина салдырғаннан кейін құлап қалуы "вакцинаның әсерінен емес" деп растады.

– Екі күннің ішінде 5000-нан астам медицина қызметкеріне екпе егілді. Талдықорғандағы жағдайға келсек, мейірбикенің құлап қалуы вакцинаның әсерінен емес. Мейірбике екпеден шошынғанын айтты. Ол кісінің денсаулығында вакцинаға қарсы аллергиялық белгілер болған жоқ, – деп жауап берді.

Сонымен қатар ол Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында сырқатқа шалдығу артқанын атап өтті.

– 27 900 пациент емделуді жалғастыруда. Оның ішінде 22 112 адам амбулаторияла, 5788 адам стационарда емделуде.

КВИ-ды емдеу үшін стационарларда 20 990 төсек-орны бар. Республика бойынша инфекциялық кереуеттердің қамтылу көрсеткіші 28%-ды құрайды. Инфекциялық стационарларда реанимациялық көмек көрсету үшін 1 884 орын дайын (толығы 20%), – деді вице-министр.

Айта кетейік, бүгін Талдықорғанда мейірбике ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырғаннан кейін есінен танып қалған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір