• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:56:41
Алматы
+35°

Илон Масктың SpaceX компаниясы тағы бір "Starship" прототипін ұшырды және қайта қону процессі бұл жолы да сәтсіз болды.

SN9 деген атау алған экипажсыз ғарыш кемесі Техас шығанағы жағалауынан 10 км биіктікке көтеріліп, қысқа қашықтықта бақылау операциясын жасауға тырысты.

Компания өткен айда SN8 моделімен осы конфигурацияны сынап көргенде, соңы жарылыспен аяқтаған.

Бұл жолы SN9 нұсқасы да жерге қонғанда жарылып кетті.

Оған қарамастан, SpaceX тест арқылы көп мәліметтер жиналатынын мәлімдеді. Компания инженерлері бағдарламаны жалғастыратынын айтты.

"Естеріңізде болсын, бұл сынақ рейсі болды, (тек) біз осы конфигурацияда Starship ұшағымен екінші рет ұштық" деді SpaceX веб-трансляциясының тұрақты шолушысы Джон Инврукер.

"Біз қонуға аз ғана уақыт жұмсауымыз керек. Мәліметтерді командадан білетін боламыз. Сонымен тағы бір керемет (тест)" деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: SpaceX Илон Маск

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір