• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:30:34
Алматы
+35°

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшыларының 50 мыңына жақын күндері қаржы аударылады. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

– БЖЗҚ порталы мен біздің банктің порталына 80 мыңнан аса өтініш түсті. Оның ішінде 50 519 өтініш иесі қазір жеке кабинетіне кірсе, БЖЗҚ өтінішін қарауға қабылдағаны туралы жақсы жаңалықты көре алады. Қарау мерзімі 3 күннен 5 күнге дейінгі аралықта болады. 50 мың салымшы іс жүзінде бірінші кезеңнен өтті. Олардың өтініші арнайы шотқа ақша аудару сатысында тұр. Оның 8 мыңы кеше сағат 16:00-ге дейін өздерінің арнайы шоттарындағы ақшаны көрді. Бұл мобильді қосымшада көрініп тұр, – деді Ибрагимова.

Еске салсақ, 23 қаңтарда Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БЖЗҚ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір