• USD 475.51

  • EUR 464.15

  • RUB 8.2

  • CNY 66.85

04 Қазан, 16:27:38
Алматы
+19°

Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін жасалған келісім негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясын жеткізгенін хабарлады.

1 ақпаннан Қазақстанда "Спутник V" екпесімен еркіті түрде вакцинациялау науқаны басталады.

Жалпы, ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда – 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозаны жеткізбек.

Сондай-ақ, сәуір айынан бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық вакцинасы салынады деп жоспарлануда, ай сайын оның көлемі 500 мың дозаға көбейеді.

"Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары – медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметкерлер және т.б. вакцинацияланады. Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация алдында дәрігер пациентті міндетті түрде тексереді. Ел бойынша егу пункттерінің дайындығы тексерілді, профилактикалық егу жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді, 2 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды" делінген министрлік таратқан ақпараттық хабарламада.

slider image

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір