• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:30:52
Алматы
+35°

Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды, деп хабарлады primeminister.kz сайты.

Ресми сайттың мәліметінше, үкімет басшысы сапары аясындағы кездесулерде Жаңаөзен қаласында қуаттылығы 1 млрд текше метрге дейін болатын жаңа газ өңдеу зауытын салу, өңірдің қолданыстағы магистралдық және таратушы газ желілерін реконструкциялау мәселелері талқыланған.

"Маңғыстау облысының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету шеңберінде "Каспий" тұщыландыру зауытын қайта жаңарту және кеңейту (өнімділігі тәулігіне 40 мың текше метрге дейін арттырылатын болады), "Қаражанбас" қуатын тәулігіне 17 мың текше метрге ұлғайту, Жаңаөзен қаласын сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешетін және қуаты тәулігіне 50 мың текше метрге жететін "Кендірлі" тұщыландыру зауытын салу жүзеге асырылады. Қосымша сумен жабдықтау мен кәріздің жаңа желілері салынады, КТҚ қайта жаңартылып, жалпы қуаты тәулігіне 70 мың текше метрге дейін жеткізіледі" делінген хабарламада.

Сондай-ақ Маңғыстау облысы халқының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және табысын арттыру, еңбек нарығының қазіргі жағдайын ескере отырып, туристік сектор үшін жергілікті кадрларды даярлау мәселелері талқыланған.

– Жаңа жұмыс орындарын құруға, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін дамудың жаңа жобаларына инвестиция тарту көлемін ұлғайту қажет, –  деді А. Мамин.

Жұмыс сапары аясында үкімет басшысы Ақтау қаласының курорттық аймағын дамыту жобаларының (Fairmont, Double Tree by Hilton, Aqualina Resort брендтерімен қонақ үйлер, тақырыптық ойын-сауық паркі) іске асырылуын тексеріп, жоспарланған инфрақұрылым құрылысының уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір