• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:48:22
Алматы
+35°

Mash Telegram арнасының журналистері ресейлік оппозиционер Алексей Навальный "Путиндікі" деген Геленджик қаласындағы зәулім сарайға барды.

Сюжет авторының айтуынша, оның гиді техникалық қадағалаушылардың бірі ретінде алты жыл бойы ғимараттың салынуын бақылаған. Гид сарай туралы рефортажға түсуге көнбей, ақыры өзі хабарласып, келісімін берген. Нысанның іші-сыртын толық түсіруге бір сағат қана уақыт болған.

"Сарайға келгендерді қақпасы жоқ кіреберіс қарсы алады. Қысқы сарайда тәж бар, бірақ Навальный видеосында көрсетілгендей патша бүркітінің көшірмесі жоқ. Орналасқан жерді сипаттау қиын емес. Айналаның бәрі бетон. Құрылыстың бастапқы кезеңі" деген видео авторы ғимаратта құрылыс қызу жүріп жатқанын, ештеңенің толық бітпегенін көрсеткен.

Құрылысшылардың айтуынша, ғимарат шамамен бес-алты жылдан кейін аяқталады.

Журналистер ғимараттың қолданылу мақсаты мен иесінің кім екенін білу мүмкін болмағанын мәлім етті.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір