• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Мамыр, 10:25:06
Алматы
+35°

Кино және телеиндустрия туралы әлемдегі ең ірі imdb.com сайтында отандық "Ұлы дала зары" фильміне дауыс беру жүріп жатыр. 

"Ұлы дала зары" көркем фильмі 2020 жылы жарыққа шыққан. Фильм ХХ ғасырдағы ашаршылық кезіндегі қазақ халқының қасіретін көрсететін. Көркем фильм режиссері – әрі сценарисі Марина Құнарова. Продюсері – Ернар Мәліков, операторы – Александр Рубанов.

Қазақстан атынан "Оскар" жүлдесіне таласып жатқан фильм үшін төмендегі нұсқаулық арқылы дауыс беруге болады. Дауыс беру фильмнің рейтингін көтеруге әсер етеді. 

1) IMDB сайтына төмендегі сілтеме бойынша өтіңіз https://www.imdb.com/title/tt11434772/?ref_=nv_sr_srsg_0 

2) фильмнің оң жағындағы жұлдызшаны басыңыз;

 

3) Мұнан соң экранда жұлдызшалар пайда болады. Оң жақтағы соңғы жұлдызша жоғары бағаны білдіреді;

4) Жұлдызшаны басқаннан кейін жаңа бет ашылады. Кіру/тіркеу әдісін таңдап, тізімнің төменгі жағындағы сары батырманы басыңыз;

5) Сары батырманы басқаннан кейін тіркеу бетіне қайта ораласыз. Аты-жөнді, электрондық пошта мен парольді енгізу керек. Деректерді енгізгеннен кейін төмендегі сары батырманы басыңыз;

6) Тіркелгеннен кейін нұсқаулықтың 2, 3-тармақтарын қайталаңыз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: IMDB.COM Ұлы дала зары

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір