Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы адамдардың санатын көбейтетінін хабарлады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
 
– Алматы мәслихатының депутаттары басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көпбалалы аналарға, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы алып жүретін адамдарға қаладағы қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы шешімімізді қолдады, – деді ол.
 
Шаһар басшысының айтуынша, бұл шешім "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы жаңа Заңға сәйкес, сондай-ақ қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мен оны қорғау мақсатында қабылданған.
 
– Қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мәліметінше, шаһарда 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды алып жүретін 1161 адам бар. Бұл санаттағы адамдарға 50% жеңілдік беріледі. Ал "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" алқасымен марапатталған 4663 көпбалалы анаға тегін жол жүру құқығы беріледі, – деп атап өтті желідегі жазбасында.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір