• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

25 Қазан, 17:06:06
Алматы
+14°

Facebook компаниясының басшысы Марк Цукерберг Facebook әлеуметтік желісінде азаматтық және саяси топтарды енді жарнамаламайтынын мәлімдеді.

Аталмыш компания қарашада АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде Facebook-ті саяси агитация жасайтын платформа ретінде қолдануға жол бермейтінін айтқан. Сәрсенбіде Facebook бұл заң тек АҚШ-қа ғана емес барлық елге қатысты екенін хабарлады.

Сәрсенбіде сенатор Эд Маркей Марк Цукербергке сауал жолдады. Онда саяси топтарды жарнамалауды тоқтату туралы хабарламасына қарамастан ондай жұмыстар неліктен әлі күнге атқарылып жатқанын сұрады.

– 6 қаңтарда АҚШ Капитолиясындағы бассыздық ең алдымен Facebook-те ұйымдастырылған, – деп айыптады ол.

Марк Цукерберг кез келген адам өзіне қажетті топтарды іздеп, жазыла алатынын айтты.

Бақылаушылар Facebook желі қолданушыларына топтарды ұсыну алгоритімін қысқартуды талап етті. Аталмыш желі жалған ақпарат таратудың нағыз ошағына айналғаны да айтылды.

Марк Цукерберг Facebook-те саяси мазмұндағы жазбаларды азайту жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Facebook Марк Цукерберг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір