• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:47:46
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы мониторингі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда сайты.

"Қазақстан Республикасы конституциясының 44-бабының 5-тармақшасына сәйкес көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:    

1. Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – агенттік) құрылсын, оған Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша функциялары мен өкілеттіктері берілсін.

2. Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктер шеңберінде Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің құқықтары мен өкілеттіктерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын" делінген жарлықта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.                   

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев заң

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір