• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:34:54
Алматы
+35°

Шымкент қаласы және Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы облыстардың бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Тулебаев карантинді күшейтуге қатысты жаңа қаулы шығарды.

"Шымкент қаласының аумағында 25 қаңтар сағат 00:00-ден бастап 08 ақпан сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын" делінген қаулыда.

Жаңа қаулыға сәйкес: 

  • балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерінің жұмысы тоқтатылады;
  • жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының жұмысы 07:00-ден 21:00-ге дейін шектеледі.

Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина карантин шаралары туралы 23 қаңтардағы №8 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыға сәйкес, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы 09:00-ден 18:00-ге дейін істейді. Сондай-ақ ХҚО-ға арнайы алдын-ала жазылу арқылы барады.

Қаулы 2021 жылдың 24 қаңтарында сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Атырау облысының бас санитар дәрігері М. Танауовтың қаулысы 22 қаңтар сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.

"Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын-алуға қатысты шаралар туралы" бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылдың 21 қаңтардағы №1 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Бас санитар дәрігердің қаулысында төмендегідей талаптар бар:

  • қоғамдық тамақтану орындарында антисептик қолданылып, карантин режимі ескерілуге тиіс; 
  • 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруіне шектеу қойылады;
  • адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (банкет, той, еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық);
  • Арнайы медиціиналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялық клиникалар (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді;
  • азық-түлік дүкендері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істеуі керек.

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Х.Илюбаев облыстың барлық аумағында 25 қаңтардан 7 ақпанға дейін шектеу шараларын күшейту туралы қаулы шығарды.

"2021 жылғы 25 қаңтардан бастап 7 ақпанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін" делінген қаулыда.

Құжатқа сәйкес облыста санитарлық бақылау бекеттері қойылды. Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына Павлодар облысы жағынан екі бақылау бекеті қойылды.

Сонымен қатар "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекет жұмыс істейді. 

Жамбыл облысы Тараз қаласының бас санитар дәрігері Р.О.Алтынбасованың қаулысына сәйкес мына талаптар енгізілді.

  • ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • 65 жастан асқан адамдардың қала бойынша жүруі шектеледі;
  • 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен аулаларда серуендеуге, саябақтарға, алаңдарға, скверлер мен жағалауларға баруға рұқсат етіледі;
  • тұрғын үйлердің аулаларында және жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалар ойын алаңдарына 3 адамнан аспайтын топтарда баруға рұқсат етіледі;
  • қоғамдық үй-жайларда, қоғамдық көлікте, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау кезінде қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда бетперде кию талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының бас санитар дәрігері О. Т. Байғожина 19 қаңтардағы N1 қаулысына өзгерістер енгізді.

Қаулыға сәйкес Жезқазған қаласының тұрғындарына:

  • бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан артық адамдардың жиналуына тыйым салында;
  • 60 жастан асқан адамдардың елді мекендер мен қоғамдық орындарда жүруі шектеледі;
  • жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып, 5-тен астам адамның жиналуы шектеледі;
  • ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір