• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:10:10
Алматы
+35°

Қырғызстанның экс-премьер-министрі Мухаммедкалы Абылгазиев ұсталды. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.

Ол бұған дейін тергеуге шақыртылып, экс-премьер-министр қылмыстық іс бойынша күдікті екені хабарланған. Мухаммедкалы Абылгазиев заңсыз баю дерегі бойынша күдікке ілінді.

Бұрынғы премьер-министр Кумтор кен орнына байланысты істе де тергеліп жатыр. Жергілікті БАҚ таратқан мәліметке сай, Мухаммедкалы Абылгазиевке бұған дейін шетелге шығуға тыйым салынған. Елден кетуге әрекет жасаса дереу ұсталатыны ескертілген.

Мухаммедкалы Абылгазиев 2018 жылдың 20 сәуірінен сол жылдың 15 маусымына дейін Қырғызстанның премьер-министрі қызметін атқарды. Бұған дейін Қырғызстан президентінің кеңесшісі болған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір