• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 14:25:38
Алматы
+35°

Ресей президенті Владимир Путин студенттермен болған онлайн кездесуде 80 миллион қаралым жинаған Алексей Навальный жариялаған видеоны көрмегенін, бірақ көмекшілері дайындаған қысқаша шолуды қарағанын айтты. Бейнематериалда президенттің Геленджик елді мекенінде "зәулім сарайы бар" делінген.

YouTube желісінде жарияланған фильм туралы сұрақты Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің студенті Даниил Чемезов қойды.

– Бірден сұраққа жауап берейін. Ол жерде (видеода-ред.) көрсетілгендердің ешқайсысы маған да, менің жақындары ма да тиесілі емес, тиесілі болмаған да. Ешқашан, – деді Путин.

Ол фильмде оның достары, бұрынғы әріптестері, "алыс туыстар" және таныстары туралы айтылғанын, бірақ президент "ешқашан көзбен көрмеген" адамдардың бар екенін атап өтті.

Путин сонымен қатар миллиондаған және миллиардтаған нысандар салу туралы сөз болғанда, "кем дегенде кейбір іздер" қалуы керек екенін айтты, олар: қаржылық хабарламалар, жер учаскелерін рәсімдеу, нотариалды куәландыру. Ресей басшысының айтуынша, бұл ақпарат он жылдан астам уақыттан бері айтылып келген.

– Менің баттерфляй стилінде жүзіп жүрген суретімді орналастырыпты. Мен ешқашан болмаған белгісіз бір бассейнде. Оның не бассейн екенін де білмеймін. Бірақ мен солай жүзгенмін. Қашан және қайда? 2016 жылы Енисейде. Онда бұл жай монтаж, – деді Ресей президенті.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Путин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір