• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:48:33
Алматы
+35°

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы жылдың 21 қаңтарында тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін бір жолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерін бекітті. Бұл туралы министрліктің құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Оның айтуынша азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін:

  • кепілдік болған кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде немесе акт болған кезде көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы шарт жасасу кезінде;
  • жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда жеке тұрғын үй салу үшін толық есеп айырысу кезінде;
  • ипотека алу, тұрғын үйді сатып алу, берешекті өтеу, банктер арқылы ипотеканы қайта қаржыландыру үшін бастапқы жарна ретінде;
  • тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі бойынша жер учаскесін сатып ала отырып, тұрғын үй сатып алуға немесе жеке тұрғын үй салуға арналған ипотека бойынша берешекті алу, қайта қаржыландыруды өтеу кезінде;
  • Ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде үй сатып алу және осындай қаржыландыру бойынша берешекті өтеу кезінде;
  • тұрғын үй құрылысы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде сатып алу құқығымен берілген баспананы ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті өтеу үшін пайдалануына рұқсат етіледі.

Сондай-ақ тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына бір банктен ипотекалық қарыз алған кезде пайдалануға жол беріледі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір