• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 22:48:35
Алматы
+35°
2020 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 70,3 мың этникалық қазақ келді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Өткен жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (53,1%) ҚХР-дан, 31,3% – Өзбекстаннан, 8,7% – Түркіменстаннан, 3,7% – Моңғолиядан және 3,3% – басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (51,3%), Маңғыстау (13,3%) және Түркістан (5,6%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Cұлтан (4,1%) және Шымкент (3,9%) қалаларына қоныстанды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,9%-ды және зейнеткерлер 11%-ды құрайды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қандастарға жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару ұсынылады.

2020 жылы қандастарды қабылдаудың бекітілген өңірлік квотасына сәйкес 1,4 мыңнан астам этникалық қазақ пен олардың отбасы мүшелері ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарына тұрақты тұру үшін келді:

Өңірлік квотаға енгізілген қандастарға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК-тен) бір реттік және тұрғын үйді жалға алуға және коммуналдық қызметтерді төлеуге (отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін) ай сайынғы шығыстарды жабу бойынша 12 ай ішінде субсидиялар беру түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қазақ көші қандастар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір