Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Қазгидромет 23-25 ​​қаңтар күндеріне ауа-райы болжамын ұсынды. 

Метеорологтардың айтуынша, Салехард облыстарынан келетін суық антициклон Қазақстандағы ауа-райына әсер етеді.

– Жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде: оңтүстік облыстарда -10, -20 ℃ дейін, солтүстік аймақтарда -32, -40 градусқа дейін. Кей өңірлерде тұман мен жел күшейеді, –  делінген хабарламада.

Бұған дейін 22 қаңтарда Қазақстанда қатты салқындау күтіледі деп хабарланған болатын. Синоптиктер ауа температурасының күрт төмендеуіне, боран мен тұманға байланысты бес аймақта дауыл туралы ескерту жариялады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауа-райы Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір