• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:30:55
Алматы
+35°

23 қаңтарда Қазақстанда зейнетақы жинағын пайдалануға өтініш қабылдайтын арнайы платформа іске қосылады. Бұл туралы Отбасы банк сайты хабарлады.

Отбасы банкі 23 қаңтардан бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш тапсыра алатын арнайы онлайн платформаны іске қосады.

Сайт мәліметінше, егер жинақтаушы біржолғы зейнетақы төлемдерін өзі қолдануды жоспарламаса, онда өзінің жақын туысына немесе жұбайына табыстай алады.

Сондай-ақ өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) болуы қажет. Зейнетақы жинақтарының қолжетімді көлемін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сайтынан білуге болады.

"ЭСҚ немесе басқа электронды құралдар арқылы оператордың интернет-ресурсында авторизациядан өту қажет. Жеке кабинет ашып, арнайы шотқа өтініш беру керек.

Арнайы шот ашқаннан кейін арнайы шоттың нөмірін, пайдалану мақсатын, қолда бар соманы, жеке табыс салығын ұстау және аудару тәсілдерін көрсете отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне электрондық өтініш толтыру қажет" делінген сайт хабарламасында.

Бұған дейін, 2 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған болатын.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты қажеттіліктерге пайдалану құқығын:

- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады. Нысаналы пайдалану құқығы белгілі бір жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар азаматтар үшін көзделетін болады. Жеткіліктілік шегі әр жас үшін жеке анықталады.

- қалыптасқан зейнеткерлер (әлеуетті құрылымдар қатарындағы зейнеткерлерді қоса алғанда) – БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған сомасының 50 пайызынан аспайтын шекте қолдана алады. Олардың зейнетақысының жиынтық мөлшері (жасы немесе еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны, базалық зейнетақыны қоса алғанда) жоғалтқан табысын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде (кемінде 40%) алмастыруды қамтамасыз еткен жағдайда аталмыш құқықты пайдалануға болады.

- өмір бойғы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан тұлғалар жоғарыда аталған құқыққа ие.

Зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір