• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:29:39
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтан мен Алматыда Қытайда қысым көріп Қазақстанға қоныс аударуға мәжбүр болған қос бірдей азаматқа шабуыл жасалды, деп хабарлады Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы.

Бюро мәліметінше, 22 қаңтарға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласында жақында ғана босқын мәртебесін алған Мұрагер Әлімұлына шабуыл жасалып, пышақтап кеткен. Дәл осы уақытта Алматыда (босқын мәртебесін алған) Қайша Ақанды да белгісіз адамдар соққыға жыққан. Қазір ол Алматы қалалық ауруханасында. Оған АҚмЗСЖҚХБ заңгері заңдық көмек көрсетуде.

Қайшаның сөзінше,  оған және Қытайдағы анасы мен бауырына бұған дейін бірнеше мәрте қоқан-лоқы жасалған. Қытайдағы адам құқығының тапталуы жөнінде айтуды тоқтатуын талап еткен.

Мұрагер Әлімұлы 2019 жылы тағы бір этникалық қазақ Қастер Мұсаханұлымен бірге Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Олар Қытайда қысым көргендерін, шекараны заңсыз кесіп өтуге мәжбүр болғандарын айтқан. Кейіннен ШҚО Зайсан аудандық соты Мұсаханұлы мен Әлімұлын "мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтті" деген айыппен кінәлі деп танып, бас бостандықтарынан айырған. 2020 жылдың 22 маусымында екеуі де бостандыққа шығып, босқын мәртебесін алған.

Қайша Ақан 2018 жылы Қытайдың Шыңжаң аймағындағы кеден бекеті арқылы Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. 2019 жылы Алматы облысы Панфилов аудандық соты Ақанды "шекара бұзғаны" үшін шартты түрде жарты жылға бас бостандығынан айырған. Сотта Қайша Ақан Қытайда өзіне лагерьге қамалу қауіпі төнген соң Қазақстанға заңсыз, қашып өтуден басқа амалы болмағанын айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір