• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:56:23
Алматы
+35°

Петропавл қаласында 22 жастағы жас ана 3 жасар қызын есінен танғанша соққан. Бүлдіршінді дереу облыстық ауруханаға жеткізді. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады. 

Дәрігерлер оның ауыр дене жарақаттарын алғанын айтады. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары басталды. Полиция оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

– Күдікті уақытша изоляторға қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның бұл қадамға не үшін барғанын анықтап жатырмыз. Осыған дейін 22 жастағы келіншек құзырлы орындардың күдігіне ілікпеген, – деді облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Азат Құсайынов. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Петропавл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір